ШҚО-да бір тәуліктің ішінде үш көлік өртенді

www.inform.kz
Департамент мамандары үш оқиға да жүргізушілердің салғырттығынан болған деп отыр.

Шығыс Қазақстанда қозғалыс кезінде өртенген көліктер саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бір тәулікте үш көлік отқа оранған.

Курчатов қаласынан шығып, Семей-Павлодар бағытында жүріп келе жатқан «МАN» маркалы жүк көлігінің қозғалтқышынан өрт шыққан. Көлік жартылай жанып кеткен. Сондай-ақ, Үржар ауданында Жоғары Егінсуға жол тартқан «Howo» көлігінің де қозғалтқышынан от тұтанған.

Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер өртті тез ауыздықтап үлгерді. Семей қаласында өртенген 2015 жылғы «Газель» көлігінің де қозғалтқышында ақау болған.

Департамент мамандары үш оқиға да жүргізушілердің салғырттығынан болған деп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады