Бүгін еліміздің кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді

Хабар 24
Республиканың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың солтүстік-батысында кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батысында аздаған жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі, республиканың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с сақталады, түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Маңғыстау облысында тұман күтіледі, күндіз көктайғақ болады. Қостанай облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасынмен, тұман болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы