Атырауда екі қабатты үйдің едені опырылып түсті

ҚазАқпарат
Ауданда авариялық үйді тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.

Атырау облысы Құрманғазы ауданында екі қабатты үйдің едені опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖД Атырау облысының Ганюшкино кентіндегі авариялық жағдайда тұрған үй еденінің опырылып түскендігін растады.

«Бұл төтенше жағдай Құрманғазы ауданының орталығы Ганюшкино кентінде болды. 1970 жылы салынған екі қабатты үйдің 7 шаршы метрдей бетон едені опырылып түсті. Үйде 70 адам тұрып жатыр. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Үй авариялық үйлер тізімінде тұр»,- деді өңірдегі төтенше жағдайлар қызметі.

ТЖҚ хабарлауынша, ауданда авариялық үйді тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Сондай-ақ, аудан әкімдігі авариялық үйде тұрып жатқан тұрғындарды басқа үйге көшіру мәселесін қарап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда