Павлодарда қардың алқызыл түске боялуына бокситтің таралуы себеп болуы мүмкін

Рavlodarnews.kz
Боксит Краснооктябрьск және Торғай боксит кен басқармасынан жеткізіледі.

Павлодарда қардың алқызыл түске боялуына кәсіпорыннан бокситтің таралуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстан Алюминийі» АҚ айналаны қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Ринат Сарлыбаев айтты.

- Біздің шикізат табиғи алқызыл түсті, - дейді Ринат Сарлыбаев. - Боксит Краснооктябрьск және Торғай боксит кен басқармасынан жеткізіледі. Шаңның біршама мөлшерде жайылуына рұқсат беріледі. Біздің кәсіпорында да нормаланған көлемде шаң таралады. Бұл нормативтерге мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Әсіресе, қыс мезгілінде көзге анық көрініп тұрады.

Басқарма басшысы кәсіпорында орналасқан техникалық бақылау зертханасы атмосфераға өлшеу жүргізгенін атап өтті.

- Егер де концентрация шамадан тыс артқан жағдайда қандай да бір қауіпті салдары туралы айтуға болар еді. Алайда шекті рұқсат етілген концентрацияның артуы тіркелмеген, - дейді спикер.

Айта кетейік, қала тұрғындарының бірі М. Горкий және Марғұлан көшелерінің бойында 20-желтоқсан күні қардың алқызыл түске боялғанын суретке түсіріп алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған