Алматы орталық саябағында аула сыпырушы жігіт әйел адамның қолын сындырған

Sputniknews.kz
Ер адамға қоқыстан тамақ қалдықтарын жинауға келген әйелдің әрекеті жақпай қалған көрінеді.

Алматы Орталық мәдениет және демалыс саябағының аула тазалаушысы иттеріне арнап қоқыстан тамақ қалдықтарын жинап жүрген әйелдің қолын сындырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Істің материалдарына сүйенсек, былтыр қыркүйекте А. есімді аула тазалаушы саябақта қоқыс контейнерлерінен иттеріне арнап ет қалдықтарын жинауға келген И. есімді жәбірленушіні кездестіреді. Бірақ әйелдің келгеніне сол маңының тазалығын қадағалаушы ер адам разы болмайды, өйткені әйел адам тамақ қалдықтарын алған кезде қоқысты шашып тастапты.

И. аула сыпырушының өтінішіне құлақ аспағандықтан, ер адам әйелге жақындап, екі қолымен сол жақ білегінен ұстап, қайырып, итеріп жібереді. Салдарынан, сараптама көрсеткендей, әйелдің денсаулығына орташа деңгейде зиян келген, яғни сол жақ білегі сынған екен.

Сотта аула сыпырушы кінәсін толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Әйел адамның айтуынша, көп жылдан бері саябақтағы мейрамханадан ет қалдықтарын алуға келіп жүреді екен. Бірақ А. есімді аула сыпырушы пайда болғалы бері, үнемі қоқан-лоққы жасап, қорқытып жүріпті. Сол күні білегін қайырып ұстап, сындырып жіберген екен.

Сотта жәбірленуші әйел екі жақтың бітімге келуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады, айыпталушы өтемақыны толығымен төлепті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды