Қазақстандық банктер алаяқтардан сақтанып жүруге шақырды

Делдал фирмалар азаматтарға несие алып беріп, рахметі ретінде оның белгілі бір мөлшерін алып қалатындары туралы ұсыныс айтады.

Делдал фирмалар азаматтарға несие алып беріп, рахметі ретінде оның белгілі бір мөлшерін өздеріне алып қалатындары туралы ұсыныс айтады. Отандық қаржылық институттары қазақстандықтарды ондай алаяқтардан сақ болып жүру керектігін ескертеді, деп хабарлайды Baq.kz LS сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның қаржылық ассоциациясы Kaspi Bank, Home Credit Bank, Forte және Eurasian Bank-тері соңғы уақытта қазақстандықтар алаяқтардың құрбаны болып қалған жағдайлар болғанын айтады.

«Делдал фирмалар азаматтарға несие алып беріп, рахметі ретінде оның белгілі бір мөлшерін алып қалатындары туралы ұсыныс айтады. Есесіне несие алушымен бірге ай сайынғы қарызды төлеп, банктегі несие алуға байланысты барлық мәселені шешіп беруге уәде береді. Қолдарына ақша тиген алаяқтар белгілі бір уақыт өткенен кейін ізін суытады», - дейді ұйымдағылар.

Мұндай үшінші жақпен байланысу өте қауіпті. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қаржылық алаяқтыққа байланысты Семейдегі екі фирмаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: