Қаза болған офицердің аты Алматы облысындағы мектепке берілді

inform.kz
Қар көшкіні жүріп, табиғи апат салдарынан аға лейтенент Ә.Мошабаевтың өмірі қиылған болатын.

Алматы облысындағы Жылыбұлақ ауылында қызметтік міндеттерін орындау кезінде көз жұмған аға лейтенент Әлішер Мошабаевты еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, офицер Ә, Мошабаев туып-өскен Жылыбұлақ аулындағы орта мектепке оның аты беріліп, білім ордасында естелік бұрышы ашылды. Осы орайда бұл жерде офицердің жеке заттары, наградалары мен грамоталары сақталуда.

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпан күні Жамбыл облысында төтенше жағдай орын алды. Көксай шатқалында әскери қызметшілердің оқу-жаттығу жоспары қайғымен аяқталды. Қар көшкіні жүріп, табиғи апат салдарынан аға лейтенент Ә.Мошабаевтың өмірі қиылған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы