Ұзынағашта 120-дан астам жеке ауланы су басты

ntv.ru
Аулаларда аудан әкімі Жандарбек Далабаев басқарған комиссия жұмыс істеп жатыр.

Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылындағы 122 жеке ауланы еріген қар суы басып алды. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

«122 аула учаскесін су басқан. Аулаларда аудан әкімі Жандарбек Далабаев басқарған комиссия жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, №28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен ауыл тұрғындары да жұмылдырылған. Қазіргі уақытта айналма каналдар жасау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», - деді аудандық төтенше жағдайдар бөлімінің бас маманы Әйбек Жанаев.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді