Қытай Парламентіне Армия өкілі ретінде тұңғыш рет қазақ депутаты сайланды

ҚазАқпарат
Депутаттардың толық тізіміне Қытайда тұратын қазақ ұлтының 6 өкілі кірді.

Қытайдың жоғары заң шығарушы органы - Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 13-шақырылымына 6 қазақ депутат болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синьхуа агенттігінде жарияланған депутаттардың толық тізіміне Қытайда тұратын қазақ ұлтының 6 өкілі кірді. Олардың бесеуі Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен, біреуі Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде сайланды.

Айта кетейік, Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде қазақ депутатының сайлануы Қытай тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр. Ал бұған дейінгі 12-шақырылымға Шыңжаң өлкесінен 5 қазақ депутат сайланған болатын.

Еске сала кетсек, 24 ақпан күні Бүкілқытайлық халық құрылтайының 12-кезекті тұрақты комитеті барлық 2980 депутаттың тізімін бекітті. 13-шақырылым өкілеттігі 2018 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін созылады. Дауыс беру ел бойынша ашылған 35 сайлау учаскесінде жүріп, Қытайда өмір сүретін 55 ұлттан 438 депутат сайланды.

Бүкілқытайлық халық құрылтайы 13-кезекті тұрақты комитетінің бірінші жалпы мәжілісі 5 наурыз күні Бейжің қаласында өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды