Ақтөбенің тағы бір тұрғынына құтырған мысық шабуылдады

www.inform.kz
Ақтөбеге көктем келгенде үй жануарынан құтыру ауруы анықтала бастады.

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құттыкөл ауылында жас жігітті құтырған мысық тырнап алды. Ол қазір емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеге көктем келгенде үй жануарынан құтыру ауруы анықтала бастады.

Ветеринарлар көктем келіп, жабайы аңның ауылға жақындайтын кезінде мұндай оқиғалар тіркелетінін жасырмады.

Бұған дейін, Ырғыз ауданында Болат Жолдыбаевты құтырған мысық тырнап алған болатын.

«Ырғыз ауданының Құттыкөл ауылында мысық құтырма ауруына шалдыққан. Жас жігіт үйінен шыққан кезде мысық ұмтылып, оның қолынан тырнап алды. Үй жануарын ұстап алмақ болғанымен, одан түк шықпады. Сондықтан өлтіріп тастаған. Өлі денені тексеру кезінде құтырма ауруы анықталды. Шектеу ауыл әкімінің ұсынысымен қойылады. Бір көшеге ғана шектеу қойылып, вакцина егіледі»,- деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанадбаев.

Айта кетейік, ақпан айының басында ауыл тұрғынын мысық тістеп, тексеру жұмыстары 21 ақпанда аяқталған. Қазір ауыл әкімі шектеу қою туралы шешім шығарып жатыр. Фото: mi3dot.org

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме