Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ

www.kazpravda.kz
Бүгін сенат отырысында депутат Дариға Назарбаева депутаттық сауалын орыс тілінде жолдады.

Сенатор Дариға Назарбаева сенат отырысында депутаттық сауалын неге орыс тілінде жолдағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай парламент пен үкіметтің жұмысы қазақ тілінде жүргізілуі керектігін тапсырған болатын. Алайда бүгін сенат отырысында депутат Дариға Назарбаева депутаттық сауалын ресми тілде жолдады. Журналистер де мұның себебін сұраған еді.

"Орыс тілін ешкім алып тастаған жоқ. Мен өзіме ыңғайлы тілде сөйледім. Президенттің тапсырмасын бәріміз де орындауға тырысамыз. Орыс тілді ешкім әлі жойған жоқ. Құдайға шүкір, ондай болмайтын да шығар. Бірақ біз басқа да азаматтарды сыйлауымыз керек. Сондықтан бұл мәселеде шектен шығуға болмайды. Ұлтаралық келісім мен достыққа ешкім шектеу қойған жоқ. Ел аумағындағы және мемлекеттік органдардағы тілдер Конституциямен бекітілген", — деді Назарбаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті