Маңғыстау облысында 17 бас малдан құтыру ауруы анықталды

Сурет: zakon.kz
Қазір олардың көзі жойылған.

Ақтөбе өңірінде бруцеллездің 12 ошағы тіркелді. Енді дерт дендемеу үшін наурыз айынан бастап малдың бәрі тексеріліп, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егіледі деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитетінің төрағасы Тұрсын Қабдолданов осылай деді. Қазір барлық облыстарға бірінші жартыжылдыққа қажетті 99 миллион дана дәрі таратылған. Енді сәуірдің 25-іне дейін жаппай вакцина егу науқаны басталады.

Тұрсын Қабдолданов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы:- Шығыс, оңтүстік өңірлерімізде, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысы аймағында аусылға бейім барлық малдар 100 пайыз егіледі. Және ірі қараның арасында туберкулезге тексеріс толықтай 100 пайыз жүргізіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін