Қызылорда облысының әкімі "Титовтағы" құлаған жатақхана орнына барды

Zakon.kz
Аталған мәселе облыс әкімдігінің бақылауында.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Титов тұрғын ауданындағы бір бөлігі құлаған жатақхана орнына барды. «Мұрагер» мектебіне уақытша орналастырылған тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 22.40-та Титов тұрғын ауданы 16А мекенжайы бойынша орналасқан жатақхананың тұрғындар қоныстанбаған бөлігі құлады. Ғимараттың төртінші подъездінің 1 және 5 қабаты аралығындағы бөлігі опырылып түсті.

Зардап шеккендер жоқ.

Жатақхананың екінші бөлігінде тұратын 46 отбасы қауіпсіз жерге, «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетке көшірілді. Оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғындар тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда, аталған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды. Облыс әкімі Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындар 6 ай мерзімге уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қаржысы жергілікті бюджеттен беріледі. Сондай-ақ, арнайы комиссия құрылып, олар әр тұрғынның жағдайын зерттеп, заң шеңберінде баспанамен қамтамасыз етілмек.

Аталған мәселе облыс әкімдігінің бақылауында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты