Мәслихат депутаттары лауазымына 200-ден астам қазақстандық үміткер

baribar.kz
25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына депутаттарды сайлау 68 сайлау округында өтеді.

2018 жылғы 28 ақпанда Қазақстанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Республика бойынша барлығы 214 кандидат тіркелген. Ақмола облысы бойынша – 9 кандидат, Ақтөбе – 12, Алматы - 18, Атырау - 18, Шығыс Қазақстан – 6, Жамбыл – 10, Батыс Қазақстан – 12, Қарағанды – 29, Қостанай – 41, Қызылорда – 12, Манғыстау – 3, Павлодар – 16, Солтүстік Қазақстан – 9, Оңтүстік Қазақстан облысы – 13, Алматы қаласы бойынша 6 кандидат тіркелді", - делінген хабарламада.

Сайлау кампаниясы сайлау заңнамасы нормаларының шарттарына сәйкес өтуде. Сайлау комиссияларына шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.

Айта кетсек, шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына депутаттарды сайлау 68 сайлау округында биыл 25 наурызда өтеді. 10 облыстық депутат, 17 қалалық және 41 аудандық мәслихат депутаты сайланады.

Ал Астана қаласында бос округтердің болмауына байланысты депутаттарды сайлау өткізілмейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды