Қазақстанда 1 шілдеден электронды көлік құжаттары енгізіледі

Baq.kz
Электронды құжатта автокөлік туралы толық мағлұмат болады.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы электронды көлік құжаттарының енгізілуіне атсалысады. Бұл туралы қазақстандық автобизнес қауымдастығының Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Электронды құжатта автокөлік туралы толық мағлұмат болады. Оның ішінде көлікке қойылған шектеулер, қызмет көрсетудің сапасы мен көлемі, жол-көлік апаттарында белгілі бір көліктің қатысы бар-жоғы көрсетіледі.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап автокөлік құралдарының электронды құжаттарына көшу Еуразиялық экономикалық одақта құжаттардың өңделуін жеңілдетеді және бизнестің операциялық шығындарын азайтады. Сондай-ақ көлік құралдарын пайдаланудың барлық кезеңін ашық түрде қадағалауға мүмкіндік береді.

Электронды төлқұжатта автокөлік немесе мотоцикл туралы мәліметтер ЕАЭО-ға шығарылған немесе импортталған сәттен бастап жазылады. Сондықтан бұл ақпаратты бұрмалауды қиындатады. Мұндай құжаттардың баламасын жасау мүмкін емес. Болашақта автокөлік сатып алар кезде кез келген адам көлік туралы толық ақпаратты арнайы порталдан көре алады.

Электронды құжаттарға көшу жұмыстары біртіндеп жүргізіледі. Құжат ЕАЭҚ-тың барлық елі үшін бірдей болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті