Астаналық қыздар 8 наурызға 101 раушан гүлін жалға алмақ

elorda.info
Жарнама беруші қыздарды гүл шоғымен суретке түсіретін фотограф қызметін ұсынуды да ұмытпаған.

Әлеуметтік желіде қыздарға 101 раушанды жалға беру туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Елорда инфо.

Әлеуметтік желіде астаналық қыз-келіншектерге 101 раушан гүлін жалға беру туралы хабарлама пайда болды. Жарнама берген желі қолданушысы әйелдерге 101 тал раушан гүлін 15 минутқа жалға беретінін жазған. Әрі гүлді жалға беру құнын 3000 теңгеге бағалаған.

«Сіз жігітіңіздің қызғаныш сезімін оятқыңыз келеді ме? Құрбыларыңыздың қызғанғанын қалайсыз ба? Сіз үшін арнайы керемет 101 тал раушаннан тұратын гүл шоғын әкелеміз», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, жарнама беруші қыздарды гүл шоғымен суретке түсіретін фотограф қызметін ұсынуды да ұмытпаған.

Аталған жарнама әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан біраз талқыға түсті. Бірі - әйелдерге гүл сыйлайтын нағыз ер азаматтардың азайғанын айтса, енді бірі - әлеуметтік желіге салатын әдемі суретке бола ақшаны желге ұшыратын қыздарды сынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі