Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шығып жатыр

qasym.kz
Ерлан Төлеутай Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын жерге айналдырмауды сұрады.

Қарағанды жастары «ақысына» кешірім сұраған Төреғали Төреәлінің кеншілер қаласында концерт қоюына қарсы. Бұл туралы Салтанат Кеңесбекова есімді желі қолданушысы жазды, деп хабарлайды qasym.kz.

«Қарағанды жастары сол күні жиналмақ екен. Халықтан кешірім өтінген екен, ақысыз концерт беру керек, деп! Мен олардың осы пікірін қолдаймын! Өр, жасындай жарқыраған ұрпақ тәрбиелеп жатыр екенбіз! Төреғали сияқты пиаршиктерді төрге оздырмау керек деп отырмыз!», – деп жазды Салтанат Кеңесбекова.

Бұл дәстүрді әнші Ерлан Төлеутай да қолдап, Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын жерге айналдырмауды сұрады.

«Кешірімді əуелі Павлодардан бастап сұрасын. Не, Қарағанды көрінген фанерщик аузын жыбырлатып «концерт» қоя беретін проходной двор ма?! Бұл іспен облыстық Мəдениет басқармасы айналыссын. Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын помойка қылғанды тоқтатқызу керек! Бұл не сұмдық! Бұған кім рұқсат беріп отыр. Ұйымдастырушыларды жазаласын. Қарағандыда кімдер ұйымдастырып отыр, есімдері жариялансын. Білейік фанерщиктердің жақтастарын, шын өнердің дұшпандарын. Қарағанды жастарының бұл бастамасын қолдаймын!», – деді Ерлан Төлеутай.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады