ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға өз қолымен «Парасат» орденін табыстады. Өз кезегінде Э. Рахмон Астананың қазіргі заманғы келбетіне қызығушылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Шақыртуларыңызға үлкен алғыс айтамын. Қазақстанға келген сайын әсем елорда - Астана келбетінің жылдам өзгеріп жатқанын көремін. Мұның барлығы да ең алдымен, Сіздің дана және көреген саясатыңыздың жемісі", - деді ол Ақордада Назарбаевпен кездесу барысында.
Сондай-ақ, Э.Рахмон Қазақстан тауар айналымы көлемі бойынша Тәжікстанның жетекші экономикалық серіктестері арасында екінші орынға ие екенін айта кетті.
"Елдеріміздің стратегиялық қарым-қатынасының барлық кешенін табысты дамытуға мүдделілік танытамыз. Ағымдағы жылы біз дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуын атап өтеміз. Осы жылдардың ішінде бізге қолдау көрсетіп келдіңіз. Біз доспыз және барлық бағаттағы қарым-қатынастарды дамыту бағытында жұмыс істеудеміз», - деп атап өтті Эмомали Рахмон.
Өз тарапынан Тәжікстан басшысы Қазақстан Президентіне «Парасат» орденімен марапаттағаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.
«Тәжік халқының және өз атымнан қазір ғана маған табыс еткен жоғары наградаңыз үшін алғысымды білдіремін. Бұл награда тек менің ғана емес, сонымен бірге 25 жыл бойғы халқымның да еңбегі. Тәжікстан барлық уақытта да Сіздің бастамаларыңызға қолдау көрсетіп келеді. Біз шынайы доспыз, сенімге негізделген қарым-қатынасымыз бар. Меніңше, елдеріміздің арасындағы осындай қарым-қатынас одан ары да дами беретін болады», - деп түйіндеді Э. Рахмон.