ОҚО-дағы бірінші сынып оқушысының ісін арнайы прокурор қолға алды

Қылмыстық істің тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.

Бас прокурор Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық көрсету туралы өтініш бойынша тергеу жұмыстарын арнайы прокурорға тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, оқиғаның мән-жайын анықтау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау үшін заңмен қорғалатын барлық қажетті шаралар қолданылады.

Кешенді сот-медициналық сараптама жүргізу үшін процеске қатысушылардың өтініштерін ескере отырып, білікті мамандар тартылатын болады.

Қылмыстық істің тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.

Бұл іске кәмелетке толмаған балалардың қатысы болғандығын ескере отырып, айта кетейік, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 532-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтарын құпия түрде сақтауға тиіспіз.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы жеке өмірі туралы жариялау Қылмыстық кодекстің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тергеу нәтижелері туралы ақпарат кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: