Павлодарда есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды

www.pavlodarnews.kz
Сараптама тағайындалды.

Павлодар облысында қылмыспен күресуді күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алу және «Наурыз мейрамын» атап өтуге орай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды тілшісі. Бұл туралы pavlodarnews.kz, облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші күні полицейлер шамамен әкімшілік заңдылықтың 800 бұзушылығын анықтады. Оның ішінде: автокөлікті мас күйінде айдаудың тоғыз фактісі, шағын бұзақылықтың 63 фактісі, көшелерде және қөоғамдық орындарда алкагольді ішімдік ішудің 137 фактісі, автокөлік жүргізушілерінің белгіленген қозғалыс жылдамдығын жоғарлатудың 62 фактісі және қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлікті айдаудың 82 фактісі тіркелді.

– Павлодар қаласының Гагарин – Пахомов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері BMW автомашинасын тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында полицейлер автокөлік жүргізушісінің бір түрлі жағдайына күдіктенді. Полицейлердің күдігін медициналық куәландыру растады. Оның қорытындысы бойынша 30 жастағы ер адам есірткіге мас болған. Жүргізуші ҚРӘПжК 608-бабының 7-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді баспасөз қызметінде.

Бұдан басқа, тәртіп сақшылары облыс орталығының тұрғыны 32 жастағы павлодарлықтан пневматикалық тапаншаны алған. Сараптама тағайындалды. Жол-патрульдік полициясы батальонының полицейлері 23 жастағы павлодарлықты ұстап, ақырғыдан сұр-жасыл өсімдік тектес зат полиэтиленді пакет табылды және алынды.

Сараптама тағайындалды. Наурыз мейрамы күндері азаматтардың тыныш демалуын, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету үшін облыс полицейлері қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшті. Тәулік бойы полиция нарядтары облыстың барлық елді мекендерінде патрульдейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты