Алматы облысында мектеп директоры мен мұғалім сотталды

www.inform.kz
Іс материалына сәйкес, мектеп директоры педагогты жұмысқа қабылдау үшін 160 мың теңге пара алған.

Алматы облысында пара алған мектеп директоры мен мұғалім 3, 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іле аудандық соты Чапаев ауылындағы мектептің экс-директоры Б. мен Жапек батыр ауылының бұрынғы мұғалімі А.-ны ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Іс материалына сәйкес, мектеп директоры педагогты жұмысқа қабылдау үшін 160 мың теңге пара алған.

Ол бұл қомақты қаржыны Жапек батыр ауылының өзге мұғалімі арқылы алғаны анықталды. Сот шешіміне сәйкес, сотталушылар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

«Сондай-ақ сот үкімімен Б. мен А. кінәлі деп танылып, 3 жыл 5 айға бас бостандықтарынан айырылды. Олардың дүние-мүлкі тәркіленбейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы