Жезөкшелікпен айналысуға пәтерін жалға берген астаналыққа айыппұл салынды

Baq.kz
Пәтер иесі Біржан Сал көшесінің бойында орналасқан өзінің тұрғын үйін жезөкшелікпен айналысатын үш жеңіл жүрісті қызға жалға берген.

Астанада жезөкшелікпен айналысуға пәтерін жалға берген пәтер иесіне 240 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Сарыарқа» ауданы ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен әкімшілік аймақты тексеру барысында ӘҚБтК 450 б. 1 т. бойынша «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» фактісі анықталды.

Пәтер иесі С., есімді азаматша Біржан Сал көшесінің бойында орналасқан өзінің тұрғын үйін жезөкшелікпен айналысатын үш жеңіл жүрісті қызға жалға берген.

«Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен 39 жастағы С. есімді азаматша ӘҚБтК 450 бабының 1 т. «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК (240 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды және қызметі 3 айға уақытша тоқтатылды», - деп жазылған ІІД хабарламасында.

Жыл басынан бері Астана қаласының полицейлері жыл басынан бері осындай фактілерге ұқсас 5 құқықбұзушыға 1 млн 200 мыңнан астам айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды