Азаптауға қарсы арыз-шағымдар азаяр емес

Қысым көрген сотталушылар өткен жылдың өзін де 120 рет шағымданған.

Соңғы үш жылда жазалы адамдарға аяусыз азап көрсеткен Ішкі істер органдарының 59 қызметкері сотталды. Әсіресе, түрмедегілерге күш көрсету тыйылар емес. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен қоғамдық тыңдауда белгілі болды, деп жазады kaztrk.kz.

Мамандардың айтуынша, қызметін кері мақсатта пайдаланып, зорлық көрсететтіндерге қатысты арыздардың саны артып келеді.

Мәселен, қысым көрген сотталушылар өткен жылдың өзін де 120 рет шағымданған.

Айта өтейік, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер 4 жылда бір рет зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларға қатысты есеп беріп отырады.

Біздің елге қатысты ресми есеп 26 сәуір күні жарияланады.

Әділқожа Құсайынов, ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті басқарма басшысының орынбасары: - Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты 2146 қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде 34 іс аяқталып, 59 қызметкер сотталған. Шағымдар одан сайын көбейіп жатыр.

Досымжан Ермұрат

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: