Алматыда аккумулятор ұрлауды кәсіп еткен адам ұсталды

www.inform.kz
Қазіргі таңда күдікті қамауда.

Алматыда көлік аккумуляторларын тонаумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 40 жастағы ер адам бұған дейін де ұрлық үшін қылмыстық жауапқа тартылған екен.

«Күдікті түн ішінде аулада тұрған көліктердің капотын ашып, аккумуляторларын шешіп алып отырған. Барлық жерде жалғыз әрекет еткен. Қажетті жеріне таксимен жетіп отырған. Тек қана Алмалы ауданының өзінде оның 10 ұрлыққа қатысы бары анықталды. Өзі Әуезов ауданында біраз аккумуляторларды қолды еткенін мойындап отыр», - деді Алмалы аудандық ІІБ полиция бөлімінің басшысы Құмарбек Кеншінбаев.

Қазіргі таңда күдікті қамауда.

Аталған қылмыс бойынша айғақтар жинау жұмыстары мен тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты