Ақтөбедегі облыстық мешітте отбасыларға кеңес беру орталығы ашылды

Аktobenews.kz
Мұндағы мақсат — отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, жанұя төңірегінде туындайтын мәселелерге жауап беру, тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру.

«Ислам және отбасы» жылы аясында ашылған орталықтан кеңес алу тегін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығы іске қосылды. Мұндағы мақсат — отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, жанұя төңірегінде туындайтын мәселелерге жауап беру, тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру.

Орталықта мешіт имамдары мен әйел ұстаздары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, келушілерге отбасы мәселелеріне қатысты кеңес береді. Соның ішінде, неке үкімі, талақ айтудың әдебі, жанұядағы ер мен әйелдің міндеттері, жүктілік, бала тәрбиесі, т.б. тақырыптар төңірегінде сауалдар қойылып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады