Семейлік сарбаздар қанды оқиға болған жол бойында кезекшілік атқаруда

www.inform.kz
Қаржаубайұлы көшесінде орын алған қайғылы оқиғадан кейін қазір Ұлттық ұланның сарбаздары кезекшілік атқаруда.

3 сәуір күні Семейде болған жол апатынан кейін Ұлттық Ұланның сарбаздары жол бойында кезекшілік атқаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржаубайұлы көшесінде орын алған қайғылы оқиғадан кейін қазір Ұлттық ұланның сарбаздары кезекшілік атқаруда. Осы жолдың жиегіндегі № 3 мектеп орналасқан. Сондықтан оқушылардың барлығы реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтеді.

Бұл жерде жылдамдықты 40 км/с-ға дейін төмендету белгісі көрсетілгенімен, көлік жүргізушілері жылдамдық асырып, қауіпсіздік ережелерін ескермейді. Ал сарбаздар оқушыларды жолдан өткізіп, ереже бұзған жүргізушілерді тоқтатып, ескерту жасауда.

«Біздің сарбаздар оқиға орын алған жолда 18.00-ден түнгі сағат 12-ге дейін күнделікті кезекшілік атқаруда. Олар оқушылар мен қатар тұрғындардың да жолдан өтуіне көмектеседі. Жүргізушілерді тоқтатып, ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - дейді ҚР Ұлттық Ұланының 5511 әскери бөлімі командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары Аманжол Байқуанышев.

Еске сала кетсек, осы жерде жүк көлігі 2 мектеп оқушысын қағып кеткен болатын. Салдарынан 1 қыз бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды