Кедей отбасынан шыққан атақты боксшы мың адамға пәтер сыйлады

qamshy.kz
Пакьяо өз ауылындағы балалар бос жүріп, есірткіге әуес болмауы үшін спорт алаңдарын, қоғамдық парк және көпбейінді орталық та салдырған.

Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо тұрмысы нашар көпбалалы отбасында өсті. Балалар негізінен тамыр жемістерімен (сәбіз, қызылша сияқты) және бананмен тамақтанды. Сондықтан Мэнни отбасына көмектесу үшін 12 жасында жұмысқа тұрды. Ол көшеде тәттілер сата бастап, бос уақытында бокспен шұғылданады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Бұл істе оған көмектескен немере ағасының айтуынша, Мэнни ешқашан жалқау болмаған. Ол табандылығының арқасында сегіз салмақ дәрежесінде әлем біріншілігін жеңіп алған әлемдегі жалғыз боксшы атанды. Одан бөлек саясатпен айналысып, конгрестегі сайлауда жеңіске жетті.

Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған алғашқы қомақты жүлдесіне өзі туып-өскен Танго елді мекенінің кедей тұрғындарына бірнеше үй салып берді. Уақыт өте келе үйсіз-күйсіз жүрген мың отбасыға баспана тұрғызды.

Пакьяо өз елді мекенін "Пакман-вилладж" деп атады. Ал балалар бос жүріп, есірткіге әуес болмауы үшін спорт алаңдарын, қоғамдық парк және көпбейінді орталық салдырды.

Мэнни Филиппиндегі ең табысты және ең бай адам саналады. Ол ешқашан жетістігімен мақтанып, дандайсыған емес. Өз ісімен жастарға, тұтастай алғанда әлемдегі барлық адамға үлгі бола білді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы