Бөрлі ауданында «Тіл шебері-2018» байқауы өтті

Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімі
Байқау шартына сай қатысушылар «Тұсаукесер», «Ұлттаным», «Өнертаным» бөлімдері бойынша бақ сынады.

Орал қаласында БҚО тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл шебері-2018» атты облыстық байқауы өткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталмыш байқауға талабын ұштап, үмітін үкілеп келген жастарға ақжарма тілегін ақтарып, тіл бәйгесінде мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шығуына ақ жол айтқан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгул Мынбаева сайыстың шымылдығын ашты.

Айтулы білім мен біліктілік бәйгесіне мемлекеттік орталық атқарушы органдарда қызмет ететін 21-29 жас аралығындағы 13 үміткер қатысты. Байқау шартына сай қатысушылар «Тұсаукесер», «Ұлттаным», «Өнертаным» бөлімдері бойынша бақ сынады.

Басты ұстаным — олардың үш тілді меңгеру деңгейі мен тілдік норманы сақтауы, орфоргафиялық және орфоэфиялық сауаттылықтарына көңіл аударылды. Соның ішінде мемлекеттік тілді жетік білуі қазылар алқасының назарында болды.

Сайыста ұшқырлығымен, білімділігі, тапқырлығы арқылы көзге түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан Бөрлі ауданы әкімшілігінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Әсемгүл Қалниязова бас жүлдені жеңіп алып, республикалық байқауға жолдама алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі