ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары БҚО-ның Бөрлі ауданына келді

Халық қалаулылары еліміздің дамуы үшін бірлесіп атқарар жұмыс көп екендігін ескертті.

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Аманжан Жамалов пен Сапархан Омаров Бөрлі ауданы активімен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде сайлаушылар халық қалаулыларына толғандырған сұрақтар қойып, мардымды жауап алды деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жолғы кездесуге «Президенттің әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған Бес әлеуметтік бастамасы» түрткі болды. Депутатттар Үндеуде айтылғын бес бағыттың маңыздылығына тағы бір тоқталып өтті.

Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заңдарды халыққа хабардар етіп отыру маңызды деген депутаттар, бүгінде парламенттің өкілеттілігі кеңейгенін айтты.

Жалпы, басқосуда елдегі экономикалық, саяси өзгерістері мен рухани сананы түбегейлі өзгерткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайында да айтылды. Одан өзге депутатар мемлкекеттік бағдарламалардың орындалуын, ел игілігі үшін жасалған мардымды істерді саралады. Депутаттар тұрғындардың тілегін тыңдап, шаруалар мен кәсіпкерлердің мәселелеріне мән берді. Мәжіліс депутаттары өңірлерге жасаған сапарларынан кейін, халықтың талап тілектері ескеріліп, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларымен жұмыс бастайтындықтарын жеткізді. Сондықтан әр пікірдің маңызы зор. Өйткені, Президенттің тапсырмасын сапалы орындау — басты мақсат.

Халық қалаулылары моноқаладағы атқарылған жарқын істерге оң бағаларын берді. Қойнауы қазынаға толы Бөрлі ауданының дамуы үшін атқарылған жұмыстың барлығы елдегі тұрақтылықтың арқасында, - деді депутаттар.

Сондықтан халық қалаулылары еліміздің дамуы үшін бірлесіп атқарар жұмыс көп екендігін ескертті.

Айым Нұрғалиева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: