Ақтөбеде 700-ге жуық қауіпті лифт қолданыстан шығарылды

24.kz
Арнайы құрылған жұмыс тобы кеңестік кезеңде салынған көп қабатты үйлердің лифтілерін тексеріп жатыр.

Ақтөбедегі 700-ге жуық лифтінің үштен бірі әбден ескіріп тозығы жеткен. 20 жылдан астам қолданыста болған жеделсатылар қазір тоқтатылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі адам өміріне қауіпті. Арнайы құрылған жұмыс тобы кеңестік кезеңде салынған көп қабатты үйлердің лифтілерін тексеріп жатыр. Ширек ғасыр бойы қызмет көрсетіп келе жатқан көтеру механизмдеріне, күрделі жөндеу жасау керек дейді мамандар. Қосалқы бөлшектері ескіріп, қауіпті жағдайда тұрғанына қарамастан, тұрғындар әлі күнге дейін қолдануға мәжбүр. Сарапшы топ қызмет көрсетуші компанияларды да тексереді. Атап айтқанда лифтіге жауапты азаматтардың кәсіби біліктілігін саралайды. Кешенді тексеру қорытындысы сәуір айының соңында дайын болуы тиіс.

- Комиссия бірінші кезекте 20-25 жыл бұрын салынған лифттерді тексереді. Құжаттарын зерттеген кезде олардың қызмет көрсету мерзімі өтіп кеткендігі белгілі болды. Бұған дейін бұл үйлердегі лифттерді тоқтату туралы ұйғарым шығарылған. Соған қарамастан пайдаланып отыр. Қалада үш жедел топ лифттерді зерттеуге кірісті, - дейді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Самат Лепесов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды