Өткен жылы қосарланған азаматтық үшін шамамен 600 адам жазаға тартылды

24.kz
2017 жылы біздің еліміздің азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен 30 мыңнан астам адам алды.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров қосарланған азаматтық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қосарланған азаматтық маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Конституцияда Қазақстан азаматтары өзге мемлекеттің азаматы болып мойындалмайды делінген. Дегенмен, республика азаматтарының біздің еліміздің азаматтығынан шықпастан шетел азаматтығын алу жиі кездесіп жатады», - деді Нұрлан Әбдіров Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Мәжіліс депутатының айтуынша, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2017 жылы қосарланған азаматтық үшін шамамен 600 адам жазаға тартылған.

"Біздің азаматтарымыздың өзге елдің азаматтығын алуы мәселесі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдерімен тұрақты байланыс орнату қажет", - деп атап өтті Н. Әбдіров.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтығына қабылдау, сонымен қатар жеңілдетілген тәртіппен оны алу барысында шетелдік азаматтықтан шыққандығын дәлелдейтін құжаттарды ұсыну талаптарын бекіту туралы мәселені қарастыру талап етіледі.

"Айта кетейін, 2017 жылы біздің еліміздің азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен 30 мыңнан астам адам алды", - деді Мәжіліс депутаты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін