Ресей АҚШ санкцияларына көп ұзамай жауап қайтаратынын мәлімдеді

Baq.kz
Заң жобасы негізінен америкалық ауыл шаруашылық, алкоголь және темекі өнімдерін РФ территориясына кіргізбеуді қарастырады.

Мәскеу Американың жаңа санкцияларына көп ұзамай жауап беретінін мәлімдеді. РФ СІМ бұл жағдайда «динамикалық» жауап керектігін алға тартты, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков РИА Новости порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Меніңше, бұл маңызды заң жобасының кестесі ұзаққа созылмайды – ситуация бар күш-жігерімізді жұмсауға мәжбүрлеп отыр. Біз дәл қазір не және қашан болатынын білмейміз. СІМ саяси көзқарасы тарапынан мұның барлығының динамикалық жолмен жүзеге асуы керектігін көріп отырмыз», - дейді Рябков.

Жұма күні Дума фракциялары жетекшілері мен РФ Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин парламенттің төменгі палатасына АҚШ-тың Ресейге қарсы саясатына орай заң жобасын енгізді. Бұл заң жобасы негізінен америкалық ауыл шаруашылық, алкоголь және темекі өнімдерін РФ территориясына кіргізбеуді қарастырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды