Мьянма билігі рохинджа босқындарын елге қайтара бастады

Baq.kz
Мьянмадан Бангладешке 700 мыңға жуық рохинджа қашқан.

Мьянма үкіметі аяусыз репрессиядан бас сауғалап, көрші Бангладешке қашқан босқындардың алғашқы отбасын елге қайтарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Мьянмадан Бангладешке 700 мыңға жуық рохинджа қашқан. Адам құқығын қорғаушылар биліктің қазіргі әрекетін сынады. Мьянмаға қайта оралу - мұсылмандар өміріне қауіпті болуы мүмкін деп есептейді сарапшылар.

Өз мемлекеті жоқ рохинджа мұсылмандары өткен жылы тамыз айында Мьянма билігі тарапынан аяусыз репрессия мен жаппай азаптау науқанына тап болды. Мьянманы сынаған БҰҰ рохинджаларды ығыстыруды зұлымдығы жағынан этникалық тазалауға пара-пар деп атаған. Дегенмен Мьянма билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, әскер қаруланған бүлікшілерге қарсы операция жүргізді деп ақталған.

Бангладеш пен Мьянма босқындардың репатриациясын жыл басында жариялаған, бірақ бұл жоспарды орындау бірнеше мәрте кейінге шегеріліп келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады