Серікбол: Сайлаубекпен шатастырған бір әжей “арағыңды қойып, толып қалыпсың” деп мақтады

stan.kz
Ауыл-ауылды аралап тегін конерт қойған Серікбол Сайлаубекті ауылдағы бір әже МС Сайлаубекпен шатастырған.

Өткен жылы ел аралап, 125 тегін концерт берген әнші Серікбол Сайлаубек Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасының студиясында ауылдардың бірінде болған қызықты жайтты айтып берді. Бұл туралы stan.kz жазды.

Халықтың батасын жинап, Алла Тағаланың разылығы үшін ауыл-ауылды аралап, тегін концерт қойған өнер иесі халыққа ән тыңдатып, рухани әңгімелесіп, көңілдерін көтеруді мақсат етіпті. Аппаратура, сахна таңдамайтын әнші мәдениет үйі жоқ ауылдарда камаздың, арбаның үстіне кілемді жайып жіберіп, ән айтатын кездерін күліп еске түсірді.

Сондай концерттердің бірінде ауылдағы бір әжей «Мәләдес Сайлаубегім-ай! Арағыңды қойып, сақалыңды өсіріп, толығып қапсың, мәләдес» деп ризашылығын білдіріпті. Өзін МС Сайлаубекпен шатастырған әжейді әнші «Апа, мен ішпеймін, мен басқа Сайлаубекпін, Серікболмын» деп әрең сендіріпті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті