Қостанай облысында бірнеше дәрігерге сөгіс берілді

Baq.kz 
Бүгінде Арқалықта сәби өлімі шамамен 25 пайызды құрап отыр.

Тәртіптік жазалаудың себебі – Арқалық, Әулиекөл мен Таранов аудандарындағы медициналық мекемелерде сәби мен ана өлімінің көптеп тіркелуі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіптік жазалауға Арқалық перзентханасының, Арқалық аудандық ауруханасының, Таранов және Әулиекөл аудандарындағы медицина мекемесінің бас дәрігерлері тартылды.

«Ағымдағы жылы алғашқы жарты жылдықтың қортындысы бойынша қараймыз, егер өз жұмыстарын алып жүре алмаса жұмыстан шығарамыз», - деп мәлімдеді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Айта кетейік, бүгінде Арқалықта сәби өлімі шамамен 25 пайызды құрап отыр. Бұл облыстық көрсеткіштен екі есе жоғары деуге болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады