Өскеменде бейіт тонаушылар көбейген

Nur.kz
Сумақы қолдар зираттардың қоршауы мен сынтасына орнатылған металдарды ұрлауды әдетке айналдырса керек.

Өскемендік сақшылар қала зираттарын тонаушыларды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің мамандары соңғы кезде қаладағы бейіттердің тоналғаны туралы шағым көбейгенін айтады.

Сумақы қолдар зираттардың қоршауы мен сынтасына орнатылған металдарды ұрлауды әдетке айналдырса керек. Осындай шағымдардың бірі бойынша із кесуге шыққан қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері 24 және 29 жастағы 2 жігітті ұстаған. Олар нысанаға алған бейіттерді түн жамылып тонап келген. Бүгінге дейінгі әрекеттерінен марқұмдардың туысқандары жарты миллион теңгеге шығынға батқан.

«Әзірге олардың 5 бейітті тонағаны анықталып отыр. Бейіттен алынған крестер мен өзге де атрибуттық нышандарды балқыту арқылы түсті металл қабылдайтын орындарға сатып келген. Оны өздері мойындады. Заңсыз жолмен алынған металл құймаларын қабылдап келген кәсіпкерлерге әкімшілік қаулы толтырылды» - дейді департаменттің баспасөз қызметкері Азамат Раисов.

Ұсталған екеудің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Олар кінәсін мойындаса «Ұрлық» бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі