Телефонын ваннаға түсіріп алған жасөспірім ажал құшты

sputniknews.kz
13 жасар оқушының анасы жуынатын бөлмеден қызының жан даусын естіген.

Ресейдің Краснояр қаласында телефонын су толтырылған ваннаға түсіріп алған оқушы қыз мерт болды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Өткен бейсенбіде 13 жастағы қыз жуынатын бөлмеде телефонын тоққа қосып, ұстап отырған. Бастапқы мәлімет бойынша, құрылғыны суға түсіріп алыпты.

Оқушының анасы қызының даусын естіп, есікті қағады, бірақ жасөспірім жауап бермеген. Туыстары есікті бұзып кіргенде, тоққа түсіп қалған қыздың денесін көреді.

"РФ Краснояр өңірі бойынша тергеу органдары жуынатын бөлмеде 13 жасар қыздың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады", — делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді