11 жастағы баласын көлік рөліне отырғызған анаға айыппұл салынды

Baq.kz 
Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, әлеуметтік желілерде республикалық маңыздағы жолда көлік жүргізіп келе жатқан жасөспірім туралы видеоролик пайда болған.

Алматы облысында тәртіп сақшылары 11 жастағы баласын жеңіл көлік рөліне отырғызған адамды анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, әлеуметтік желілерде республикалық маңыздағы жолда көлік жүргізіп келе жатқан жасөспірім туралы видеоролик пайда болған. Интернет қолданушылары ол видеодағы баланың әрекеті мен оның қасындағы ересек адамдарға қатысты әртүрлі пікір жазды.

«Ұйымдастырған шара нәтижесінде «Лада гранта» көлігінің иесі анықталды. Ол Алматы облысының Іле ауданында тұратын 41 жастағы әйел болып шықты. Видео 22 сәуір күні «Алматы-Қапшағай» тасжолы бойында түсірілген. Көлік рөлінде 2007 жылы туған бала отырған. Оның анасы рөлді басқарып отырған баласының әрекетін қадағалағанын, бала жүргізушінің тізесінде отырғанын айтты. Дегенмен көлік иесіне 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - дейді құқық қорғау органдарындағылар.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді