Жамбыл облысында әкімдерге ірі айыппұл салынды

sputniknews.kz
Шенеуніктер кейбір базарларға заңсыз жәрдем көрсетіп, басымдықтар берген.

Жамбыл облысында Түркістан және Жаңаарық ауылдық округтерінің әкімдеріне айыппұл салынды. Шенеуніктер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 163-бабы бойынша айыпты деп танылып, әр әкімге 300 АЕК – 721 500 теңге айыппұл салынған деп жазады sputniknews.kz.

"Әкімдіктер көркейту бойынша қызмет көрсету туралы тікелей келісім жасасу арқылы тауар базарына қолжетімділікті шектеген", — деп атап өтті табиғи монополияны реттеу, бәскелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет.

Бұдан бөлек, шенеуніктер базардың жекелеген нысандарына жәрдем көрсетіп, оларға өзге бәсекелестері арасында басымдық берген.

Дәл осы бап бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы ТКШ бөлімінің шенеуніктері мен олардың Түлкібас ауданындағы әріптестеріне айыппұл салыныпты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады