Алматыдағы ең алып жыланның салмағы өлшенді

М.Сорокумов
2003 жылы жұмыртқадан шыққан 10 сантиметрлік Сандра (лақап аты) 15 жыл ішінде айтарлықтай өскен.

Алматы зоопаркінде Қазақстандағы алып жылан өмір сүреді. Ол жуық арада әлем зоопарктеріндегі ең ірі жыландардың бірі болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы әлем бойынша анаконда мен торлы питон жыландардың ішінде алыбы болып саналады.

2003 жылы жұмыртқадан шыққан 10 сантиметрлік Сандра (лақап аты) 15 жыл ішінде айтарлықтай өскен. Негізі торлы жыландар өмір бойы ұзарып өсіп тұрады.

«Бүгін біз оны өлшедік. Ол 2018 жылғы 1 мамырдағы өлшеу нәтижесіне сәйкес 5 м 10 см құрады. Жыланның орташа салмағы 80 кг. Оның мінезі шатақ, ең дұрысы оған артық тисуге болмайды. Биыл торлы жыланға 15 жыл толады», - дейді Алматы зоопаркі.

Зоопарк мамандары мұндай ұзындықтағы жыландарды өлшеу қиын әрі қауіпті екендігін алға тартып отыр. Сенімді ақпарат көздеріне қарағанда, әлемдегі ең ұзын торлы жылан 7,5 метрді құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды