Сағадиев: Мектеп бітіру кешін шоуға айналдырудың қажеті жоқ

ҚР БҒМ басшысы түлектер мектеп бітіру кешін қалауларынша тойлауға құқылы деп санайды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев көп шығынданатын бітіру кештері, қымбат мейрамханалар мен лимузиндердің мәселесін тілге тиек етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұны мектептегі мұғалімдер кеңесі, оқушылардың өзі, ата-аналар комитеттері шешеді. Балалар бітіру кешін қалауларынша тойлауға құқылы. Біз балаларға шектеу қойып, қарсылық танытпаймыз. Бұл мәселеге негізінен жергілікті атқарушы органдар, қалалық билік органдары жауапты. Тоқ етерін айтқанда, министрлік мектеп бітіру кешін қымбат шоуға айналдыруға қарсы, - деді Сағадиев.

Оқушылар мен ата-аналары 100 теңгеден жинауына қарсы емессіз бе деген сұраққа, министр "одан да келмей-ақ қойсаңыз болады" деп жауап берді.

- Қараңыз, сіз жәй ғана келмей-ақ қойсаңыз болады. Мен олардың лимузин жалдауына, үлкен сомада ақша жинап, бәрін шоу-бағдарламаға айналдыруларына қарсымын. Мен оған моральдық тұрғыдан қарсымын. Бірақ, екінші жағынан, мен балаларға күннің шығуын тамашалауға тыйым салуға, қалыпты бітіру кешін өткізуге тыйым салуға да қарсымын. Менің ойымша, бұл жобаны адамгершілік жолмен талқылау керек. Ешкім ешкімді мәжбүрлемейді. Егер қаламасаң, бітіру кешіне келмей-ақ қоюға да болады. Бірақ бұл 11 жылда 1 рет болатын күн. Меніңше, бірнәрсеге тыйым салу мүмкін емес», - дейді ведомства басшысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: