Тестілеу орталығының директоры түлектерді алаяқтардан сақ болуға шақырды

abctv.kz
Биыл 146 мың мектеп бітірушінің 96,9 мыңы ҰБТ тапсыруға өтініш білдіріп отыр.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов тестілеуден өтетін түлектерді алаяқтардан сақтануға шақырды, деп хабарлайды inform.kz.

«Жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеу басталған кезде алаяқтық фактілер тіркеледі. Біздің де оған қатысты мәліметіміз жоқ емес. Кейбіреулер «Осы ҰБТ-ның дұрыс жауаптарын сатып жатырмыз, не болмаса ҰБТ-дан алғанбыз» деп ақпараттарды тарады. Оның барлығы жалған! Ешқашан ҰБТ-ның дұрыс сұрақтары сатылмаған, сатылмайды. Өйткені, бұл мемлекеттік құпияға жатады. Оның құпиялық режімін тек Ұлттық бірыңғай тестілеу емес, Білім және ғылыми министрі және арнайы мемлекеттік органдар қарап, қадағалап отырады. Сондықтан, ол алаяқтық жолға түспей, өзін-өзі байқау тестілері бар, онлайн тестілеуден өткен дұрыс деп санаймыз. Түлектерге сәттілік тілейміз», — деді ОҚК-да өткен баспасөз мәслихаты барысында Рамазан Әлімқұлов.

Айта кетсек, биыл 146 мың мектеп бітірушінің 96,9 мыңы ҰБТ тапсыруға өтініш білдіріп отыр. Олардың 80 пайызы, яғни 73 мыңы тестіні қазақ тілінде тапсыруға бел байлаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты