ШҚО-дағы өзен-көлдердің су деңгейі күрт көтерілді

Хабар 24
Аймақтағы «Қазгидромет» мамандары таулы жерлердегі Бұқтұрма, Күршім, Қалжыр, Үлбі және Уба өзендеріндегі судың деңгейі 24-тен 77 сантиметрге дейін жеткенін хабарлады.

Соңғы үш тәулікте Шығыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдердің деңгейі күрт көтерілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Аймақтағы «Қазгидромет» мамандары таулы жерлердегі Бұқтұрма, Күршім, Қалжыр, Үлбі және Уба өзендеріндегі судың деңгейі 24-тен 77 сантиметрге дейін жеткенін хабарлады. Бұл шекті деңгей саналмағанымен таулы өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін. Ал өзендердің күрт көтерілуіне үш туәлік толассыз жауған жауын-шашын әсер еткен. Оған таулы аудандардағы еріген қар суы қосылған. Дегенмен «Қазгидромет» мамандары өзендердегі судың деңгейін әр екі сағат сайын өлшеп, мониторинг жасап отыр. Ал алдағы 3-4 тәуілікте күн райы күрт салқындап, кейбір таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауып, ауа темпратурасы -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

– Енді бұл жағдайдың барлығын бақылауда ұстап отырмыз. Біздің бақылаушыларымыз әр 2 сағат сайын жұмысқа шығып, өзендердің су деңгейін қарап отыр. Мәліметтер облыстық әкімшілік және төтенше жағдайлар дапартаментіне уақытылы жіберілуде, - деді «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының директоры Медет Еркенбеков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды