Қостанайда «телефон террористерінің» қоңырауынан келген шығын 3,5 миллион теңгені құраған

Egemen.kz 
Жасөспірімдермен ювеналдық полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма бастығы, полковник Ербол Дербісовтың айтуынша, соңғы үш жылда облыс өңірінде террорлық акт бойынша жалған ақпарат берген 24 факт тіркелген. Оның бесеуі жасөспірімдердің шалыс қимылынан орын алған, деп жазады Егемен Қазақстан газеті.

«Осы жалған терроризм оқиғаларының барлығы да ізсіз кетпейді. Облыстағы жалған ақпараттар берген телфон қоңыраулары салдарынан мемлекетке 3,5 миллион теңге зиян келді. Бірақ осы істердің барлығы да ашылды, кінәлілер тиісті жазасын алды» деді Ербол Дербісов.

Қостанай облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 9 қаңтарда тағы да террорлық әрекет туралы жалған ақпарат орын алды.

Анықтай келгенде ол 23 жастағы қостанайлық жігіт болып шықты. Араққа сылқиып тойып алған жігіт «ерігеді».

Ол 6 айға бас бостандығынан айырылды және шыққан шығынды өтеді. 2 сәуірде орталық әмбебап дүкенде жүрген мектептің екі оқушысынан жарылғышға ұқсаған зат табылады.

Оларды балалар жұртты қорқыту үшін өздері қолдан жасап алғаны анықталған.

Жасөспірімдермен ювеналдық полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Нәзира Жәрімбет

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды