Тыныштықты бұзған 2 мыңға жуық астаналық жауапкершілікке тартылды

elorda.info
Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарын құқық бұзушылыққа бей-жай қарамауларына шақырады.

Астанада жыл басынан бері түнгі сағат 23.00 мен 06.00 аралығында тыныштықты бұзған 1900-дан астам қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция басқармасына сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 28-ші сәуірінде Астана қаласы ІІД «Есіл» ауданының кезекші бөліміне Сығанақ көшесі, 21/1 үйінің тұрғынынан аталмыш мекен-жайда орналасқан компьютер клубы өте шулы, сондай-ақ клуб келушілерінің түнгі уақытта тыныштықты жиі бұзатындығы жайлы хабарлама келіп түсті. Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы компьютер клубына келіп тексеріс жүргізу барысында аталмыш факті расталды» делінген ведомство таратқан хабарламада.

ІІД ЖПҚ қызметкерімен 1996 ж.т., Ж. есімді компьютер клубының әкімшісі ҚР ӘҚБтК 437 бабының 1 т. «Тыныштықты бұзу» сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 5АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері түнгi уақытта (сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейiн) тыныштықты бұзғаны үшін 1900-ден астам құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай, Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі қала тұрғындарын құқық бұзушылыққа бей-жай қарамауларына шақырады.

Құқық бұзушылық жайлы ақпаратты 102 телефон нөміріне немесе жақын учаске пунктіне хабарлауларын сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі