Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтті

Сурет: zakon.kz
Мұнда бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ сынды ұлттық ат спорты түрлерінен тартысты дода өтті.

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтті Алматыда мерекелік «Ұлы дала ойындары» фестивалі ұйымдастырылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Мұнда бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ сынды ұлттық ат спорты түрлерінен тартысты дода өтті. Бұған қоса асық ату, қазақ күресі, бағанаға өрмелеу мен қошқар көтеру сынды ептілік пен мергендік, білек пен жүрек, күш пен жігер сынға түскен жарыстар жастардың қызығушылығын арттырды. Бұл шараның жалпы жүлде құны 18 миллион теңгені құрады. Спорттың әр түрінен жеңімпаз атанғандарға қомақты қаржылай және бағалық сыйлықтар берілді. Сонымен қатар ұлттық қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.

Айдос Бағашев, «Ұлы дала» ойындары фестивалінің ұйымдастырушысы: - «Ұлы дала ойындары» жеңімпаздарына бүгінгі фестивальда шамасы 18 млн дай қарастырылған. Сол бойынша барлық іс шаралар бойынша таратылатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев