Бүгін - Ұлы Жеңіс күні!

Сурет: zakon.kz
Бүгін Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

9 мамыр Жеңіс күні бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.

Екінші дүниежүзілік соғысқа 1 млн-нан астам қазақстандық қатысса, соның 600 мыңы соғыстан оралмады.

Соғыс жылдарында барлығы 500 қазақстандықтар Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Қазақстаның 4 жауынгері бұл атаққа екі мәрте ие болды. Ұшқыш-штурмовиктер Т.Я.Бегилдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский.

Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз меделімен марапатталған қазақ қыздары – 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды. Олардың екеуі де жүзден астам жауды жойып, шайқас үстінде қаза тапты.

1945 жылы 30-сәуірдің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен жас офицер Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды.

Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, Талғат Бегилдинов, Әлия Молдағұлова, мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді, аналарымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады