68 жастағы әйел немересімен бір күнде диплом алды

Сурет: zakon.kz
Әжесі мен немересі бірігіп үй тапсырмасын орындап, емтиханға бірге дайындалып келген.

АҚШ-та 68 жастағы зейнеткер мен оның 22 жастағы немересі бір күнде университет бітірді. Бұған дейін әжесі мен немересі үй тапсырмасын бірге орындап, емтиханға да бірге дайындалып келген. Бұл туралы шетелдік CTV арнасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өткен жылдың мамыр айында 68 жастағы Тереза Лайлз бір кездері өзі тастап кеткен университетті бітірмекші болған. Ол 1967-1970 жылдары аралығында студент болып, үш курсты аяқтаған. Сондықтан да диплом алу үшін оған небәрі 6 сабаққа қатысу қажет болған. Бір кездері әжесі оқыған университетте бұл күндері оның немересі Зури Лайлз оқып жатқан.

Осы орайда әжесі мен немересі бірігіп үй тапсырмасын орындап, емтиханға бірге дайындалып келген. Қаңтар айында Зуридің анасы көз жұмған. Сол шақта бойжеткен оқуын тастап кеткісі келген. Алайда әжесі оқудан шығу арқылы анасын қайтара алмайтынын айтып, немересін тоқтатқан. Мамыр айының басында екеуі диплом алып, оны табыстау салтанатына туыстарын шақырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді