Бурабай курортында бағаның аса қымбат болмауы қадағаланады

Сурет: zakon.kz
14 гектарлық аумақта құрылыс басталып, ол жерде көлге тіке шығатын аллеялар салынып жатыр.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Бурабайдағы туризмді дамыту туралы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақын арада Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет 61 миллиард теңге бөлді. Ол жерде инженерлік инфрақұрылым салынатын болады. 233 гектарлық Үлкен Шабақта - инженерлік инфрақұрылым салынады деп шештік. Содан кейін ғана онда отельдер мен туристік бизнестің өзге де нысандары бой көтереді. Бурабай кентінің ішінде қазірдің өзінде 14 гектарлық аумақты қайта салуды көздеп отырмыз. Алдымызға әлемдік деңгейдегі курортты салу міндеті қойылды. 14 гектарлық аумақта құрылыс басталып, ол жерде көлге тіке шығатын аллеялар салынып жатыр. Шағын отельдер мен мейрамханалар, ресторандар тұрғызылады. Сонымен бірге, біз әлбетте сапалы сервис жағын да, бағаның аса қымбат болмауын қадағалалап отырмыз», - деді Мәлік Мырзалин.

Өңір басшысы сонымен қатар, ЮНЕСКО геопаркінің мәселесі де өте өзекті екенін атап өтті. Осы жылдың 1 қарашасынан бастап ол бойынша өтінім берілмек. Геопарктің мәртебесі әлемдегі барлық анықтамаларда көрсетілетін болады. Себебі, әлемдегі көптеген адамдар геопаркке ерекше ынтық. Келесі жылдың соңына дейін аталмыш жоба аяқталатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды