Ақмола облысында бойжеткен бір тәулік бойы орманда адасып жүрген

Сурет: zakon.kz
Қызды іздеуге полиция бөлімінің бірнеше тобы мен орман қызметкерлері де қосылған.

Бойжеткен бір тәулік бойы Ақмола облысындағы ұлттық табиғи саябағының орманында жалғыз өзі адасып жүрген, деп хабарлады Stan.kz ақпараттық агенттігі ІІД-не сілтеме жасап.

Ведомставаның мәліметі бойынша, 12 мамырда 29 жастағы Астана тұрғыны Еременов аудандық полиция бөліміне жүгінді.

«Қала тұрғыны сүйіктісімен Ерементау ауданындағы «Бұйрытау» ұлттық табиғи саябағының аумағына демалуға келген екен. 11 мамырда, кешке таман екеуінің арасында жанжал туып, оның сүйіктісі белгісіз бағытқа кетіп қалған», – дейді полиция бөлімшесіндегілер.

29 жастағы жігіт ұрыс үстінде кетіп қалған қызды өзі іздеуге тырысқанымен, бірақ одан еш нәтиже шықпаған. Содан ол полиция бөлімшесіне келіп, көмек сұраған. Қызды іздеуге полиция бөлімінің бірнеше тобы мен орман қызметкерлері де қосылған.

«Жоғалып кеткен қыз Балықты ауылынан бір жарым шақырым жерден табылды. Ол адасып кеткен екен. Бойжеткеннің денсаулығына алаңдайтындай еш қорқыныш жоқ. Ол түнде жаурап қалмас үшін жүгірген көрінеді», – деді ІІД.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі